Ресейде әйел адам операция үстінде қайтыс болды

Тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын бастады

Ресейде әйел адам операция үстінде қайтыс болды
istockphoto.com
332

Ресейдің Подольск қаласында әйел адам жеке емханада операция үстелінде қайтыс болды.

Azattyq Ryhy мәліметінше, 50 жастағы Светлана 2018 жылдан бері арқадағы ауырсынуға шағымданған. Ол кейде жүре алмайтын, ауырсынудан аяғы жансызданып қалды. Бірер күн бұрын ауыруы шыдатпай, жеке медициналық орталыққа барды. Онда әйел адамнан омыртқааралық грыжа анықталды.

Операция жасау туралы шешім қабылданды. Отаға шыдай алатыны анықталған. Алайда ота жасау барысында екі сағаттан кейін Светлананың жағдайы күрт нашарлай бастады. Амалсыздан жансақтау бөліміне ауыстырылды, бірақ бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды.

Тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын бастады.

Серіктес жаңалықтары