Бокстан Өзбекстан чемпионатында этникалық екі қазақ жартылай финалға шықты

/
Бокстан Өзбекстан чемпионатында этникалық екі қазақ жартылай финалға шықты
IBA
67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ғанибек Мұратқасымов болса ширек финалдан ары аса алмады

Бокстан Өзбекстан чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Аталған жарысқа ұлты қазақ 15 боксшы қатысуда. Олардың екеуі жартылай финалға шығып үлгерді.

1bol.kz мәліметінше, 54 келідегі Сабыржан Тастанов 1/4 финалда өзбек Аббдумутал Хабибуллаевты жеңіп (3:2) чемпиондыққа бір табан жақындады. Ал 60 келідегі Мадияр Данияров Нурбек Кодировты 5:0 есебімен айқын жеңді.

Ал 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ғанибек Мұратқасымов болса ширек финалдан ары аса алмады. Ол Бобурбек Бободжановтан таза жеңілді (0:5).

Өзбекстан чемпионатында бағын сынап жатқан қазақтардың арасында ұлттық құрама мүшелері Мадияр Сайдрахимов пен Руслан Абдуллаев та бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары