Күйеуі мен енесі ұрып-соққан 23 жастағы әйел адам ауруханада көз жұмды

Әйел ауруханада медициналық көмекке қарамастан көз жұмған

Күйеуі мен енесі ұрып-соққан 23 жастағы әйел адам ауруханада көз жұмды
istockphoto.com
1126

Өзбекстанның Аққорған ауданында күйеуі мен енесі ұрып-соққан 23 жастағы жас әйел қайтыс болды.

Azattyq Ryhy сайтының мәліметінше, жәбірленуші ауыр соққыдан кейін комаға түскен. Кейіннен оның күйеуі процессуалдық тәртіпте қамауға алынған.

Ташкент облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, әйел ауруханада медициналық көмекке қарамастан көз жұмды.

«Жәбірленушінің күйеуіне қатысты қозғалған қылмыстық іс Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 126-бабы 1-бөлігі 8-тармағының «г» пункті бойынша қайта сараланды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Бұл оқиға Өзбекстан қоғамында үлкен резонанс туғызды. Құқық қорғау органдарының тергеу нәтижелері алдағы уақытта жарияланады.

Серіктес жаңалықтары