499
«Жүрегім қазақты қалайды»: неміс қызы тек қазақ жігітіне жар болғысы келетінін айтты
Альбина Девивыенің бүкіл отбасы қазақ тілінде сөйлейді
Қарағандылық Альбина Девивые «қай ұлттың жігітіне тұрмысқа шығасың» деген сұрақ көп қойылатынын айтады. Неміс қызы Azattyq Rýhy ютуб-арнасы берген сұхбатында тек қазақ жігітінің жары болуды қалайтынын айтты.
«Болашақ жарымның қазақ ұлтынан болғанын қалаймын. Орыс тілінде бір-бірімізді түсінбей қалатын шығармыз. Оның өзі бір қиындық қой. Ата-анам да қазақ жігітке тұрмысқа шыққанымды қалайды, дегенмен «мына ұлтқа күйеуге тиме» деген тыйым жоқ. Барлық ұлтқа құрметпен қараймыз. Өзімнің жүрегім қазақты қалайды», - деді ол ағынан жарылып.
Неміс-татар аралас отбасында дүниеге келген Альбина Девивыенің отбасында қазақтың салт-дәстүрі сақталған. Отбасы тек қазақ тілінде сөйлейді.