166
Қазақстан шекарасына жалған төлқұжатпен өтпек болған шетелдік ұсталды
ҰҚК шекара қызметі жалған және бөтен құжаттарды пайдаланып, шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.
Қазақстан шекарасын жалған төлқұжатпен кесіп өтпек болған адам ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
18 қаңтарда Түркістан облысының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шетел азаматы басқа адамның төлқұжатымен Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтуге әрекеттенген.
Айта кетейік, 2025 жылдың басынан шекарашылар жалған және басқалардың төлқұжаттарын пайдаланудың 16 дерегін анықтаған.
«2024 жылы халықаралық қатынас жолдарында 400-ден аса осындай құқықбұзушылықтардың жолы кесілді. ҰҚК шекара қызметі жалған және бөтен құжаттарды пайдаланып, шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды», - деп жазылған хабарламада.