202
50 мыңның орнына 5 млн рубль: Ресейде зауыт есепшілері қызметкерлердің жалақысына шатасып 2 нөл қосып қойған
Ресейдің Челябинск қаласында зауыт есепшілері жалақыға шатасып 2 нөл қосып қойған: жұмысшылар 50 мың рубльдің орнына 5-8 миллион рубль алыпты.
Кейбір қызметкерлер бұл қателік туралы басшылыққа хабарлағанымен, «сыйақыны» жұмсап үлгергендер де бар.
Ең қызығы – заңгерлердің айтуынша, егер зауыт сотқа жүгініп, жеңіске жетсе де, жұмысшы алған ақшаны қайтармауы мүмкін.