Владислав Горизанов: Қазақстанда тұрып, қазақ тілін білмеу – құрметсіздік

Ол Қазақстанда тұратын әрбір адам қазақ тілін, тарихын білуі керек екенін айтты.

Владислав Горизанов: Қазақстанда тұрып, қазақ тілін білмеу – құрметсіздік
видеодан скриншот
321

Қарағандылық Владислав Горизанов Azattyq Rýhy агенттігіне берген сұхбатта патриоттық мәселені ерекше қозғап өтті.

Ол ұлты басқа болса да өзін қазақ деп санайтынын әрі оның себебін түсіндіріп өтті.

«Шын мәнінде, мен өзімді қазақпын деп санаймын. Ең алдымен, мен осы жерде туып, осы жерде өстім. Қазақстанда тұрып, оның тарихын, салт-дәстүрін, қарапайым ғана тілін білмеу деген кем дегенде өз еліңе, отаныңа деген құрметсіздік болады. Адам егерде өз елінің нағыз патриоты болып, өз жерін жақсы көрсе, қарапайым ғана туып-өскен, өсіп-өнген өз қаласын жақсы көрсе, бір минутқа болсын ойланып, бірнәрсе болсын зерттей бастайды. Мысалы, өз еліңнің тарихын дейік. Тарихы ауыр болса, алдымен мәдениетін, содан кейін салт-дәстүрін, тұрмыс-салтын. Осыдан барып, тарихына көшсек болады. Қазақстан қалай құрылды? Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9-орында қалай тұр? Сол сияқты ары қарай да іздене беруге болады», – дейді Владислав Горизанов.

Серіктес жаңалықтары