283
Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу ережесі қайта қаралады

Мәжіліс депутаттары суық мезгілде көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін салынатын айыппұлды қайта қарауды талап еткен болатын.Аталған мәселені құрамына мемлекеттік органдар мен депутаттар кіретін ведомствоаралық комиссия қарайтын болды.
Айта кетейік, заңды бірінші рет бұзғаны үшін – 19 660 теңге, қайталанса – 39 320 теңге айыппұл салынады.
«Осы тақырып бойынша депутаттық сауал түссе, бұл мәселе нақтыланып, талқыланады. Сондай-ақ, тексеру нәтижесі бойынша қорытынды шығарылады», - деді Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова.