102
Алматы – Өскемен автожолында әскери техника жол апатына себепші болды
Алматы – Өскемен автожолында әскери техниканың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
2025 жылғы 15 қаңтар сағат 13:40 шамасында “Алматы-Өскемен” автожолының оңтүстік бағытының 56 шақырымында “Цзефан” автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан келе жатқанда тралдан екі бірлік әскери техниканы түсіріп алды.
Нәтижесінде техника жүру бөлігіне аударылып, сүйемелдеп келе жатқан “Ssang Yong Actyon” автокөлігімен соқтығысты.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.