Батыс Қазақстанда химиялық зат тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Сұйықтығы бар құтылар аударылған, абырой болғанда, сұйықтық сыртқа төгілмеген.

Батыс Қазақстанда химиялық зат тиелген жүк көлігі аударылып қалды
ТЖМ
220

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында 21 тонна қауіпті химиялық тетрагидрофуран тиелген жүк көлігі арыққа құлап, аударылып қалды.

ТЖМ мәліметінше, Бәйтерек ауданында 21 тонна химиялық зат тасымалдап келе жатқан Беларусь Республикасының жүк көлігі жолдан шығып, бір жағына қисайып, құлап кеткен. Салдарынан сұйықтығы бар құтылар аударылған, абырой болғанда, сұйықтық сыртқа төгілмеген.

«ТЖМ қызметкерлері химиялық заттың ағып кету қаупі мен халық пен қоршаған ортаға төнетін қауіпті тексерді. Радиациялық-химиялық қызмет оның ауадағы шоғырлануын өлшеді. Қатер табылмады», – делінген министрлік хабарламасында. Сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісіне жүкті қауіпсіз тиеуге және жүкті одан әрі тасымалдауға көмек көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары