226
Түркістан облысында тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам қаза тапты
Қайғылы оқиға Жігерген ауылдық окургіне қарасты Айнатас елді мекенінде болған.
Түркістан облысында тұрғын үйде газ жарылып, 40 жастағы үй иесі мен 13 және 6 жастағы балалар көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 7 қаңтарда Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық окургіне қарасты Айнатас елді мекенінде болған.
«Үй бұған дейін көмірмен жылытылған. Жақында иран пеш орнатқан. Негізі біздің округтегі бес елді мекенде де табиғи газ бар. Алдын ала болжам бойынша қауіпсіздік шаралары сақталмаған», - деп хабарлады Жігерген ауылдық округінің әкімдігі.