Алматыдағы полицей өлімі: желіде жанжалдың видеосы жарияланды

Алматыдағы полицей өлімі: желіде жанжалдың видеосы жарияланды
скриншот
255

Әлеуметтік желіде полиция қызметкері мен Алматыдағы мекемелердің біріне келушінің арасындағы кикілжің қалай басталғаны туралы видео жарияланды. Полицейлер бұл видеоның оқиғаға қатысы барын растады.

Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында жарияланған видеоның сипаттамасында кадрда полиция қызметкері қатысқан жанжалдың басы көрсетілген. Бейнежазбада 41 жастағы күдікті қасында отырған қызды қылғындырып, қолынан жұлқылағаны көрсетілген.

«Полиция қызметкері араласып, агрессия көрсеткен ер адамды алып кетті, кейін олар сыртқа шыққан. Төбелес соңы кісі өлімімен аяқталды», - делінген видеоға берілген сипаттамада.

Сондай-ақ Telegram-дағы осы арнада тағы бір видео жарияланды. Видеода күдіктінің «мейрамхананың алдындағы төбелестен кейін сөмкесін алу үшін бөлмеге жүгіріп кіріп, оның ішінен бір затты шығарғаны» көрсетілген. «Ол пышақ болуы мүмкін, ол осы затпен көшеге шыққан», - деп жазылған.

Серіктес жаңалықтары