281
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: 93 жасында сабақ берген кейуана көпшілікті тәнті етті
Көпшілік ұстаздың есте сақтау қабілетіне тәнті болды
Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстандық 93 жастағы әжейдің видеосы көпшілікті тәнті етті. Видеода кейуана тақтаға шығып есеп формулаларын түсіндірген, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бейнежазбаның сипаттамасында бұл 93 жастағы сынып жетекші Назия Губайдоллақызы екендігі айтылған. Ол сол кезде өзінің мектепті бітіргеніне 40 жыл толуына орай жиналған ересек оқушыларына сабақ берген.
Сонымен қатар кейуананың қызы анасының немерелерін ҰБТ-ға дайындауға көмектескенін және оның күш-жігерінің арқасында балалардың барлығының грантқа түскенін айтады.
Желі пайдаланушылар өздерінің таңданысын жасырмады. Олар ұстаздың есте сақтау қабілетіне тәнті болды. Бейне астында адамдар мұғалімге ұзақ өмір тіледі.