ҚБТУ ғимаратындағы өрт: ЖОО ресми мәлімдеме жасады

ҚБТУ өкілдері оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді

ҚБТУ ғимаратындағы өрт: ЖОО ресми мәлімдеме жасады
ТЖМ
180

Алматыда 12 қаңтарға қараған түні Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ғимаратында болған өртке байланысты университет әкімшілігі ресми мәлімдеме жасады.

ҚБТУ өкілдері оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, өрттің себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолға алуда, – деп хабарлады университет әкімшілігі.

Сондай-ақ оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпараттың жақын арада студенттерге хабарланатыны айтылды.

Серіктес жаңалықтары