Қызылордада 4 жасар баланың басы орындыққа қысылып қалған

Бала зардап шеккен жоқ

Қызылордада 4 жасар баланың басы орындыққа қысылып қалған
ТЖМ
226

Құтқарушылар басын орындықтан шығара алмай қалған 4 жасар балаға көмекке келді, деп хабарлады ТЖМ.

Қызылорда қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде төрт жасар бала басына орындықты киіп, өздігінен шеше алмаған.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары баланың басынан орындықты шешіп алды.

Бала зардап шеккен жоқ. Баланың ата-анасы құтқарушыларға алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары