317
Астаналық оқушы халықаралық олимпиададан абсолютті жеңімпаз атанды
Елордалық оқушы химия пәні бойынша сайысқа түскен.
![Астаналық оқушы халықаралық олимпиададан абсолютті жеңімпаз атанды](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2025/01/1736513621.jpg)
Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Саулебек Алидан халықаралық аренада ғылыми олимпиадаға қатысып, абсолютті жеңімпаз атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
Елорда әкімдігінің ақпаратынша, әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген дарынды оқушылар қатысқан СОРЕRNICUS олимпиадасы физика, химия, биология, география пәндері бойынша өтті. Елордалық оқушы химия пәні бойынша сайысқа түскен.