218
Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргінші қайтыс болды
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды
Алматыда жеңіл көлік қағып кеткен жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 6 қаңтар күні сағат 21:40-та Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылында болған.
«Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі шығыс бағытта қозғалып келе жатып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 1971 жылы туған ер адамды қағып кеткен. Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты», – деп мәлімдеді департаменттен.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.