Ақмола облысында өрт болған моншадан 25 адам шығарылды

Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр

Ақмола облысында өрт болған моншадан 25 адам шығарылды
ТЖМ
154

Ақмола облысында екі қабатты монша өртенді. Құтқарушылар 25 адамды қауіпсіз жерге шығарып алды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Төтенше жағдай Целиноград ауданындағы Қараөткел кентінде болған. Екі моншаның ішінде ағаш қаптама жанған. Содан өрт шықты.

Өрт сөндірушілер баспалдақпен 25 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың ішінде 17 бала бар. Бұдан бөлек, 3 газ баллоны шығарылды, - дейді құтқарушылар.

Құтқарушылар өртті жылдам өшірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары