Мақтаарал ауданының Білім бөлімінің қызметкерлері 2,4 млрд теңге жымқырған

Бұл туралы Прокуратура хабарлады.

Мақтаарал ауданының Білім бөлімінің қызметкерлері 2,4 млрд теңге жымқырған
istockphoto.com
Автор
Админ
164

Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы  мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақша білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз жалақы аудару арқылы ұрланған.

Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары