1822
«Қалжырап отырмын»: Қарақат Әбілдина жаңа жылдық демалысты қалай өткізгенін айтты
Қарақат Әбілдина қыздарымен ойнап шаршағанын айтты.
Танымал әнші Қарақат Әбілдина отбасылық демалысы жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі жаңа жылдық кеште балаларымен бірге ойнап, әбден шаршағанын жеткізді. Әнші демалысын толық балаларына арнағанын айтты.
«Уф, дейтіндей болдық. Бала деген шаршамайды екен. Энергиялары, Аллаға шүкір, асып-тасып тұр. «Бая,ыда бір бала бір кемпірді өлтіріпті» деген әңгіме осындайда есіме түседі. Осы демалыс күніміз балалармен өтіп жатыр. Тілегін орындап, бірге ойнаймыз деп әбден болдырып отырмын. Осы жерге отырғызып қойды, мені. Енді біреуімен қуыршақ, біреуімен тығылыспақ ойнаймыз. Әрқайсысының көңілін, бабын табамыз деп әбден шаршадық. Бірақ шаршаған балаларды көрмедік», – деді Қарақат Әбілдина Instagram желісіндегі сторисінде.