Бурабайда саяжай өртенді

Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді.

Бурабайда саяжай өртенді
ТЖМ
Автор
Админ
174

Бурабай ауданы Зеленый Бор ауылындағы саяжай кооперативінде өрт шықты. Өрт бір шатырдың астындағы саяжай үйін, моншаны және аула құрылыстарын қамтыған.

Өрт сөндірушілер 300 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндіріп, жақын маңдағы саяжай үйлеріне өрттің таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!

Серіктес жаңалықтары