Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері жоғалған 5 адамды тапты

Белгілі болғандай, техниканың ақаулығынан олар қар құрсауында қалып қойған

Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері жоғалған 5 адамды тапты
ТЖМ
231

Кеше, 28 желтоқсанда Жезді кентінен жеңіл автокөлікпен бес адам «Бидаш-ана» шаруа қожалығына шығып, хабарсыз кеткен. Бүгін туыстары құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ күштері дронның көмегімен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру тобы жоғалғандарды тауып, Жезді кентіне эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Белгілі болғандай, техниканың ақаулығынан олар қар құрсауында қалып қойған.

Серіктес жаңалықтары