28 желтоқсанда сағат 23:30 шамасында Ақтаудан әуе апатында қаза тапқан 24 Әзербайжан азаматының (оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі) денесі еліне жөнелтілді.
Соңғы күндері қаза тапқандардың денелерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізілді. Анықтау кезінде ДНҚ талдауы жүргізіліп, жақын туыстары қатысты.
Айта кетейік, 25 желтоқсан күні болған әуе апатынан 29 адам аман қалды. Оларға Мемлекет басшысының тапсырмасымен елордадан келген білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсетті.