243
Қарағанды облысында бұзылған автобустың жолаушылары құтқарылды
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Қарағанды облысында құтқарушылар 40 адамды эвакуациялады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
"112 пультіне техникалық ақауға байланысты Қарағанды облысы Шет ауданынан бірнеше шақырым жерде автобус тоқтап қалғаны туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар дереу жетіп, автобустан Қазақстан мен Өзбекстанның 40 азаматы бар екенін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялап, барлығын Ақсу-Аюлы ауылына жеткізді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.