Қазақстан Азия аймағында инвестиция тарту бойынша көш бастады

Өңірге тартылған барлық инвестицияның 63 пайызы біздің елге тиесілі

Қазақстан Азия аймағында инвестиция тарту бойынша көш бастады
istockphoto.com
197

БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы аймақтағы 2024 жылға арналған инвестиция туралы есебін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz qazaqstantv арнасына сілтеме жасап.

Есепке сәйкес, Қазақстан жаңа жобаларға 15,7 млрд доллар тартып, Солтүстік және Орталық Азия аймағындағы инвестиция тарту бойынша көшбасшы атанды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға инвестицияның өсімі 2023 жылмен салыстырғанда 88 пайыз болды. Өңірге тартылған барлық инвестицияның 63 пайызы біздің елге тиесілі.

Одан кейінгі орындарда келесі мемлекеттер орналасты:

Өзбекстан – $4 млрд (-49%)

Қырғызстан – $2,1 млрд (+310%)

Әзербайжан – $1,2 млрд (+1%)

Түркіменстан – $339 млн

Грузия – $126 млн

Армения – $67 млн.

Серіктес жаңалықтары