521
Ғалымдар тоқ ішектің қатерлі ісігін емдейтін дәрі ойлап тапқанын ресми түрде мәлімдеді
Ішек қатерлі ісігіне қарсы жаңа дәрі 100% тиімділік көрсетті.
Америкалық FDA реттеуші органы достарлимаб препаратына ресми түрде рұқсат берді. Препарат клиникалық сынақтар кезінде барлық пациенттерді толық емдеп шыққан. Бұл ерекше жаңалық, өйткені емдеу барысында химиятерапия, операция немесе ремиссия қажет болмаған.
Достарлимаб қатерлі ісік жасушаларын нысанаға алып, иммундық жүйеге оларды жоюға көмектеседі. Бұл нәтиже – әлем медицинасы үшін үлкен серпіліс.
Мамандардың айтуынша, бұл препарат қатерлі ісікпен күресте жаңа кезеңнің бастауы болуы мүмкін. Қазіргі қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр, ал достарлимаб болашақта басқа да қатерлі ісік түрлеріне қарсы қолданылуы мүмкін.