Бірнеше күн бойы іздестірілген оқушы табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Атырау облыстық Полиция департаменті жоғалғанын баланың табылғанын растады.
– Жасөспірімнің жоғалуына не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Өзінің айтуынша, ол шатырда түнеген, – деп жазылған ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатқаны жайлы жазған едік.