дүйсенбі, 14 сәуір, 2025

Отбасылар байқауы мәресіне жетті

/

Астанада «Әже, келін, немере. Ата, бала, немере» атты отбасылық байқау өтті. Байқауды Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық  Ардагерлер кеңесі «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында ұйымдастырды. 

Отбасылық қарым-қатынасты нығайту,  салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды на­­­сихаттау, ағайын арасындағы береке-бір­лікті арттыру мақсатында өткен байқауға Ал­маты, Байқоңыр, Нұра, Есіл, Сарыарқа ау­дан­дарынан 5 отбасы жарысқа түсті. Әр от­басы өз ауданының үздік әулеттері. 
Үш жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Ұр­пақтар сабақтастығы» жобасы отбасы инс­титутын дамытуды көздейді. Байқауға қа­тысқан барлық отбасылар ұлағатты ата, ар­дақты әже, үлгілі әке, ибалы келін, үкілі қыз, мейірімді бала тақырыбын ашып, өз от­басындағы жетістіктер туралы таныс­тыр­ды. Өнерлі отбасылар «Таныстыру», «Ба­та беру», «Презентациялық бейнеролик», «Әже шеберлігі», «Көрініс», «Сұрақ-жауап», «Өнер» бөлімдері бойынша сынға түсіп, шаңы­рақтағы шаттық пен берекені көрсете біл­ді. Мәселен, байқау шарты бойынша ата­сы бата берсе, немересі өнер көрсетіп, әже­сі мен келіні қолөнер бұйымдарын ұсы­ну қажет.
Есіл ауданынан қатысқан ұшқыштар династиясы – Хамзиндер отбасы бір әулет­те авиация саласында 28 адам жұмыс істей­тінін мақтанышпен көрсете білді. Әулет анасы Марал Хамзина қазақтан шыққан тұңғыш бортсерік қыз болса, бүгінде не­мере сүйіп отырған ақ жаулықты әже. 
Сарыарқа ауданының намысын қорға­ған Ахметов Кендай әулеті өз өнерлерімен алға шықса, Байқоңыр ауданынан қатысқан Ысқақов Дүйсенхан әулеті ағайынның ауыз­­біршілігі қандай болатынын танытты. Алматы ауданынан бақ сынаған Қуандық Дүкесовтер әулеті үлгілі ананың, үкілі қыз­дың рөлін айрықша алып шықты. Нұра ау­данынан келген Ахметжановтар отбасы да ұлттық құндылықтарды насихаттауға барын салды. 
Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің тө­ра­ғасы Сансызбай Есілов мұндай байқау бала­ларды еңбекқорлыққа, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, жалпы адам­гер­шіліктің барлық ережелерін үйренуге, хал­қымыздың салт-дәстүрін сақтап, оны баға­лай білуге тәрбиелейтінін айтты.
Байқау соңында «Ұлағатты ата, саналы ұр­пақ», «Асыл әже, ибалы келін», «Үлгілі ана, үкілі ару», «Үлгілі әке, мейірімді ұл» және «Ағайын­дар – әулет тірегі» номинациялары бойын­ша жеңімпаздар анықталды. 
Қазылар алқасының қорытындысы бойын­ша Алматы ауданының Дүкесовтер от­басы «Үлгілі ана – үкілі ару» номи­на­ция­сын, Байқоңыр ауданының Ысқақовтар от­басы «Ағайындар – әулет тірегі» номина­ция­сын, Есіл ауданынан келген Хамзиндер от­басы «Үлгілі әке, мейірімді ұл» номина­ци­ясын, Нұра ауданының Ахметжановтар от­басы «Ұлағатты ата, саналы ұрпақ» номи­на­циясын және Сарыарқа ауданының Ахме­товтер отбасы «Асыл әже, ибалы ке­лін» номинацияларын өзара бөлісті.
Байқау соңында өнер көрсеткен бар­лық отбасыларға арнайы сыйлықтар та­быс­талды. Кеш ары қарай «Есіл толқын­дары» халықтық ардагерлер ансамблі, 
№106 мектептің көркем өнерпаздары мен Қа­зақ Ұлттық Өнер университетінің сту­денттерінің өнер көрсетуімен жал­ғасты. 

А.БИМЕНДІ

Бөлісу: