Астанадағы 20 мектеп жылыжайда жеміс пен көкөніс өсіреді

Астанадағы 20 мектеп жылыжайда жеміс пен көкөніс өсіреді
сурет: istockphoto.com
233

Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары «Жасыл клуб» жобасы аясында «Жасыл мектеп» жылыжайында екі жылдан бері баптап келе жатқан лимон ағашы жемісін берді. 

Лимон ағашымен қатар жылыжайда қияр, қызанақ көкөністері, аскөк, құлпынай мен жидектер және жалбыз да өсіріледі. Жо­ба жетекшілері оқушылармен бірге бос уа­қытын пайдалана отырып, өсімдіктерге күтім жасайды.
Жалпы, Астана қаласында 19 мектеп пен 1 колледжде, атап айтқанда №8, 20, 37, 42, 43, 49, 58, 61, 67, 68, 69, 80, 83, 88, 78, 90, 87, 82, 79 және Сервис және туризм колледжінде Б.Өтемұратов қорының қолдауымен жылыжай ашылған.
Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы ая­сында Астана мектептерінде экологиялық тәр­бие мен қоршаған ортаны қорғау бойын­ша көптеген маңызды іс-шара жүргізілуде. 1-11-сынып оқушылары жасыл экология мәсе­лелеріне белсенді қатысып, табиғатты сақ­тап, оны қорғау үшін түрлі жоба мен бас­таманы жүзеге асыруда. 
«Таза аула», «Жасыл Қазақстан» және «Же­рімізді сақтайық» сияқты Табиғатты қор­ғау экологиялық акциялары аясында оқу­шылар мектеп ауласында ағаш отыр­ғызып, қоршаған ортаны тазарту жұмыс­тарын жүргізеді.
Табиғатқа саяхат бойынша олар қорша­ған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйре­ніп, экологиялық тақырыптарға арналған экскурсияларға қатысады.
Жасыл жобалар мен стартаптар бойын­ша оқушылар мектеп ішінде және сыртында эко­логиялық мәселелерді шешуге бағыт­тал­ған шығармашылық жұмыстар мен жобалар әзірлейді.
Экологиялық білім беру сабақтары не­гізінде мектепте экологияны түсіндіруге арнал­ған арнайы сабақтар, тренингтер мен се­минарлар өткізіледі. Бұл сабақтар оқу­шы­ларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын және экологиялық өмір салтының қажет­ті­лігін түсіндіруге бағытталған.
Қаладағы жиырма мектепте қоршаған ор­таны қорғау және тазалықты сақтау мақса­тында жаңа қоқыс жәшіктері қойылды. Олар мектептің әр қабатында және әртүрлі орын­дарда орналасқан. Қоқыс жәшіктері орга­никалық және қайта өңделетін мате­риалдарды бөлек жинауға арналған. Барлық оқушы мен қызметкер осы жаңа жүйеге жауапкершілікпен қарап, қоқыстарды дұрыс салатын болады. 
Бұл жұмыстардың басты мақсаты – жас ұрпақты экологиялық мәселелерге жауап­кер­шілікпен қарауға тәрбиелеу, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін ояту. Мектептердегі экологиялық жобалар мен іс-шаралар арқылы оқушылар табиғат-қа деген құрметті арттырып, жасыл экономика мен тұрақты даму принциптерін меңгерту. 

А.Бименді

Серіктес жаңалықтары