217
Астанада көп балалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды
Елорда прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын тексерді.
Тексеріс нәтижесінде құрылыс компаниясының 2022 жылдан бері шарттық міндеттеме бойынша көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына бермегені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көп балалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына табысталды, 5 пәтер тапсыру сатысында.
Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.