609
Шырша безендіру кезінде жарақат алған мұғалім: Жаңа мәліметтер шықты
Ведомство Instagram парақшасында ресми пікір жариялады
Абай облысының білім басқармасы Семейде Жаңа жылдық шыршаны орнату кезінде жарақат алған мұғалімге қатысты қызметтік тексеру бастады.
Ведомство Instagram парақшасында ресми пікір жариялады.
«Семей қаласында мұғалімдерді Жаңа жылдық шыршаны безендіруге тарту фактісі бойынша Абай облысының білім басқармасы инциденттің барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру бастады», – деп жазылған хабарламада.
Хабарламада заңнаманы бұзған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылатындығы атап өтілген.
Еске сала кетейік, министр Ғани Бейсембаев осы оқиға туралы Facebook парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұғалімге қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Бұл жағдай ерекше бақылауда.
Министр Абай облысының басшылығы объективті тергеу жүргізіп, осындай жағдайлардың болашақта болмауы үшін тиісті шаралар қабылдайды деген үмітін білдірді.