Bentley, Mercedes Benz және Porsche көліктерінің жүргізушілеріне жолда билегені үшін айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, патруль полиция батальоны әлеуметтік желілерді бақылау барысында 5 және 6-шағынаудандар арасындағы жолда билеп, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілердің видеосын анықтаған.
Осыған байланысты көлік иелеріне тиісті хаттамалар толтырылып, үш көлік те қамау алаңына жеткізілді.