Үш ай бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны табылды

Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында хабарлады

Үш ай бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны табылды
instagram.com/volontery_almaty_lider.kz
660

Алматы облысында үш ай бұрын жоғалып кеткен Жұбанов Бақытжан Ғазизоллаұлы аман-есен табылды. Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 1995 жылы туған 29 жастағы Жұбанов осы жылдың 17 қыркүйегінде, туған күнінде, Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылындағы үйінен шығып кеткен. Ол Абай көшесі, 14-үй мекенжайынан сағат 18:00 шамасында шыққаннан кейін хабарсыз кеткен. Ерекше белгілері: бойы 170-175 см, орташа дене бітімді, шашы қара, қысқа, көздері қоңыр.

Еріктілердің мәліметінше, жоғалған азамат 20 желтоқсанда табылған. Қосымша мәліметтер әзірге нақтыланбаған.

Серіктес жаңалықтары