Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сирияда тұрып жатқан Қазақстан азаматтарының санын жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қателеспесем, аталған елде 33-тен астам азамат бар. Біз олармен үнемі байланыстамыз», — деді вице-министр Сенатта өткен брифингте.
Сондай-ақ ол Таяу Шығыстан эвакуацияланған отандастарымыз туралы да мәлімет айтты.
«Біз Газа секторынан 129 адамды, Ливаннан эвакуациялау кезінде 69 адамды елге қайтардық», — деді Әлібек Бақаев.
Айта кетейік, бұған дейін Сирияның уақытша премьер-министрі тағайындалғаны туралы жазған едік.