БҚО-да есірткіні өткізу арналарына тосқауыл қойылды

Үйлестіру кеңесінен кейін барлығы 50-ден астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 4 фитолаборатория анықталды.

БҚО-да есірткіні өткізу арналарына тосқауыл қойылды
istockphoto.com
148

29 қазанда Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен есірткіге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшыларына нақты нұсқаулар берілді, олар бүгіннің өзінде оң нәтиже көрсетуде.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен 1 желтоқсанда Алматы облысында орналасқан есірткі зертханасы анықталды. Есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

23 қарашада Қостанай облысынан есірткі сатуға келген тұлғалар ұсталды.

Ақтөбе облысынан сауда арнасы тоқтатылды.

Үйлестіру кеңесінен кейін барлығы 50-ден астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 4 фитолаборатория анықталды.

«Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында 350-ден астам есірткі жарнамасы жойылды.

 

Серіктес жаңалықтары