«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты

Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Роза Рымбаеваға қызығатынын жеткізді.

«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
фото: әлеуметтік желіден
567

Әнші Мақпал Жүнісова асқақ арманы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Роза Рымбаеваға қызығатынын жеткізді. Қызы Мерей тұрмысқа шығып, немерелі болғысы келетінін айтты. 

"Бүгінде ағылшын тілінің маманы. Қазір бір компанияда қазақшадан ағылшыншаға аударады. Өткен жылы балаларға сабақ беріп, 500 мың теңге айлық алыпты. Өзі тіл саласына қызығады. Мерей қазір 22 жаста. "Жақсы жігіт болса, ертерек кете бер" деп айтамын. Жұмыс істей берсең, кете бересің. Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді. Роза Рымбаеваға қызығамын. Сол сияқты немере бағып, басқаша өмірге енгім келеді. Немерені асығып күтіп жүрмін. Соны айтсам, "Мен әлі жаспын ғой, мені көре алмай жатырсың ба?" дейді. Бір түрлі болып қалады екенсің. Бірақ ішімнен ертерек кетсе екен деп тілеймін", – деді әнші "Din Dina Show" бағдарламасында. 

Серіктес жаңалықтары