270
Шымкентте 18 колледж директоры жазаланды
Қазіргі уақытта прокуратура заңбұзушылықтарды жою бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр
Шымкент қаласының прокуратурасы білім басқармасының қызметінде бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады.
Ведомство техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде заңдылықтың сақталуын тексерді.
«Тексеру барысында келесі заңбұзушылықтар анықталды: гранттарды бөлу жөніндегі комиссия шешіміне негізсіз өзгерістер енгізілген; кейбір мамандықтарға қажетті лицензиялар болмағанына қарамастан, гранттар берілген», – делінген хабарламада.
Тексеру нәтижесінде 20 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде: 18 колледж директоры, Шымкент білім басқармасының бөлім басшысы бар.
Қазіргі уақытта прокуратура заңбұзушылықтарды жою бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.