24 жастағы жігіт бөтеннің автокөлігін заңсыз иемденіп қана қоймай, оны мас күйінде жүргізген, деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Тергеу нәтижесінде анықталғандай, жас жігіт түнгі уақытта алкогольдік ішімдік ішіп, көшеге шыққан.
Тұрғын үй ауласында тұрған Mercedes E-230 көлігінің есігінің ашық, ал кілттің тұтандырғышта тұрғанын көріп, көлікті айдап әкеткен. Біраз уақыт қаланы көлікпен аралап жүріп, бағанаға соғылып, 3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Қазіргі уақытта құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.