467
Дикий Арманның соты аяқталуға жақын
Оған қаңтардың басында үкім шығуы мүмкін.
Бұл туралы оның адвокаты Олег Чернов хабарлады.
«Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Қазір сөзжарыста мемлекеттік айыптаушы сөйлеп жатыр. Сотталушыларға ұзақ мерзім сұрап отыр. Желтоқсанның соңына дейін аяқтаймыз деп ойлаймын. Үкім 2025 жылдың қаңтарында шығып қалады», - деді ол.
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісі сотқа бір жылдан астам уақыт бұрын түскен болатын. Онымен бірге сотталушылар қатарында Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген бар.
Жұмагелдиевке Қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды, қару ұрлады деген бірнеше айып тағылып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша Қайрат Құдайберген көпшілікті Дикий Арманға қосылуға шақырған.