307
Оралда өзеннен ер адамның мәйіті табылды (ФОТО)
Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
Әлеуметтік желіде өзенде мұз боп қатқан ер адамның суреті тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Суреттен әскери форма кигенін байқауға болады. Желі қолданушылары марқұмның балықшы екенін айтып жатыр.
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 13 желтоқсанда Садовое ауылына жақын жерде, Шаған өзенінен ер адамның мәйіті табылғанын растады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
«Ер адамның кім екені анықталды. Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны. Қасынан қармақ табылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген полиция хабарламасында.