АҚШ-та екі жасар бала өз анасын атып өлтірді

Оқиға ер азаматтың салғырттығы салдарынан болып отыр.

АҚШ-та екі жасар бала өз анасын атып өлтірді
Ашық дереккөзден алынған
708

Калифорния штатының Фресно қаласында жас ана Джессиния Мина екі жасар ұлының қолынан қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бала анасымен бірге жатын бөлмесінде жатқан кезде оқтаулы тұрған пистолет тауып алған. Осылайша бала абайсызда анасына оқ атып жіберген.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, қайғылы жағдай қыздың жігіті Эндрю Санчес пистолетті ашық жерге қалдырғаннан кейін болған. Осыдан соң Э. Санчес қамауға алынып, Фресно округінің түрмесіне жіберілді. Ол өз қаруын сақтауда абайсыздық танытып, балаға қауіп төндіргені үшін жауапқа тартылды, бірақ кейін кепілмен босатылған.

Серіктес жаңалықтары