Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоссайыстың қорытындысы бойынша Чуркин 368 (164+204) келіні көтеріп, екінші орынға ие болды.
Жеңіс Солтүстік Кореялық Ри Чон Чонға бұйырды, оның нәтижесі – 371 (166+205) келі.
Қола медальды Мухаммадқодир Тоштемиров 355 келі: 165+190) жеңіп алды.
Сондай-ақ, осы салмақ дәрежесінде қазақстандық Александр Уваров та өнер көрсетіп, 351 (160+191) келі нәтижесімен бесінші орынға тұрақтады.