Таңертең Алматыда жеке мектептердің бірінің маңындағы көлік салонынан мәйіт табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі ақпаратты растады.
«Зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылуына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша өлімнің себебі жүрек жеткіліксіздігі болды", – деді полиция.
Полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.