«Қумаңызшы, апа!»: Келінді төркінге жібермеймін деген Айнұр Жүгінісова жұртқа жақпай қалды

Қазір бізде ажырасу неден болып жатыр?

«Қумаңызшы, апа!»: Келінді төркінге жібермеймін деген Айнұр Жүгінісова жұртқа жақпай қалды
фото: видеодан скриншот
1021

Актриса Айнұр Жүгінісова келінді төркініне жібермеу туралы айтып, елге жақпай қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бала бір жасқа толмайынша келіндеріңізді төркініне жібермейді екенсіз. Неліктен?» деп «Мамский әңгіме» подкастында бағдарлама жүргізушісі актрисадан сұрады.

«Қыз баланың сіңуі деген бар. Біз оны да келісіп аламыз. Біз келінімнің төркінінен алыс тұрамыз. Мүмкін, төркіні Астанада тұрса, барып та келер еді. Қорқынышты ештеңе жоқ. Бірақ, қыз баланың сіңіп кетуі деген бар. Қазір бізде ажырасу неден болып жатыр? Бүгін түседі де, ертең қызым қалайсың деп хабарласады. Ол дұрыс емес. Сен қызыңды бердің, өз үйін тапты деп қуанып отырсың ғой. Қазақта аурудың ғана халін сұрайды. Кеткен адамның жағдайын сұрамайды. Ол өз үйін тапты. Сен қайта қуанып, жүрегің жайланып отыруың керек. Өзің артыңа қарама деп шығарып салдың. Өзің тағы өз сөзіңе қарсы шығып отырсың. Қыз баланы сәукелесін кигізіп, өлген адам ұқстатып, оң жағынан шығарып салады. Тапсырдың, болды жібердің. Үш күннен кейін чемоданын сүйреп келгенге қарағанда, қыздың жиенмен, күйеуімен келгенде абыройлы емес пе?!», — деді ол.

Айнұр Жүгінісованың бұл пікірін желі қолданушылары дереу сынай жөнелді.

«Өзінде қызы жоқтар осылай сайрайды», «Осындай ниетіне қыз бермеген шығар», «Қумаңызшы апа», «Кім тыңдайды екен бұны», «Ажырасу осы сияқты енелердің кесірінен көп «Өзі ұлын бір жыл көрмей отырса көрер едім» десті көпшілік.

Серіктес жаңалықтары