Қазақстанда запастағы офицерлерді әскери даярлау ережелері өзгереді

Қорғаныс министрлігі бұйрық жобасының толық мәтінін "Электрондық үкімет" порталына жариялады

Қазақстанда запастағы офицерлерді әскери даярлау ережелері өзгереді
istockphoto.com
201

Қорғаныс министрлігі запастағы офицерлер мен сержанттардың әскери даярлығының қағидаларына өзгерістер енгізетінін мәлімдеді. 

Қорғаныс министрлігі бұйрық жобасының толық мәтінін "Электрондық үкімет" порталына жариялады.

"Түзетулер бюрократизацияны болдырмауға және азаматтар мен әскери оқу орындары әскери қызметшілерінің еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқуға түсу, ауыстыру және қалпына келтіру процестерін Қазақстан Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына Egov арқылы тиісті өтінім бере отырып, цифрлық форматқа ауыстыруға жағдай жасайды", – делінген хабарламада.

Бұйрық жобасымен 20 желтоқсанға дейін "Ашық НҚА" порталында таныса аласыз.

Серіктес жаңалықтары