Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан жартылай финалға жолдама алды.
Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта Шри-Ланка боксшысы Джаянатх Кумарамен қолғап түйістірді.
Махмұд бірден ширақтық танытып, дәл соққыларымен қарсыласын тығырыққа тіреді – 5:0. Екінші раундта екі рет есеп ашқаннан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.
М.Сабырхан осы чемпионатта бірінші жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтаған еді.