Шерзаттың өлімі: Сараптама қорытындылары бір айдан кейін белгілі болады

Іс барысын ішкі істер министрлігі қатаң қадағалап отыр.

Шерзаттың өлімі: Сараптама қорытындылары бір айдан кейін белгілі болады
Автор
Админ
384

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істің сараптамалары бір айдан кейін белгілі болады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұл қылмыстық іс қатаң бақылауда. Қазір күтіп отырмыз, бірнеше сараптама әлі дайын емес. Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін бір ай ішінде толық ақпарат  беріледі. Қазір тергеу жан-жақты жүріп жатыр, бәрі бақылауда. Жауапты қызметкерлер жазаланды», - деді Санжар Әділов.

Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Болат 4 қазан күні қаза тапқан болатын. Бір топ жігіт оны соққыға жығып, анасының көзінше өлтіріп кеткен. Жанжалға бір құты сыра себеп болған еді. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынған.

12 қазанда Шерзаттың үйі өртеніп, отбасы күзетке алынды.

 

Серіктес жаңалықтары