Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Президентке Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Akorda
263

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде баяндалды.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі және оның одан әрі даму перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына әзірлік барысы туралы ақпарат берілді.

Серіктес жаңалықтары