"Заңсыздық, қараңғылық, тіпті масқара тірлік": Депутаттар қыз алып қашуды қылмысқа жатқызу туралы бастама көтерді

"Заңсыздық, қараңғылық, тіпті масқара тірлік": Депутаттар қыз алып қашуды қылмысқа жатқызу туралы бастама көтерді
сурет: parlam.kz
360

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламент депутаттары 2024 жылғы 4 қазанда Мәжілістің қарауына енгізілді. Талқылау кезінде депутаттар қоғамдағы өзекті мәселе – қыз алып қашуды қылмысқа жатқызу туралы бастама көтерді.

Құрметті әріптестер әрине, мен бұл заң жобасын қолдаймын. Дегенмен де, екінші оқылымға дейін бір қаралуы керек бір мәселе бар. Елімізде алып қашу, ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті масқара тірлік. Өркениетті қоғамға әр азаматтың абырой құқығы және бостандығы. Баға жетпес құндылықтың болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу керек. Оны тек қана сынау – жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуы керек деп Президент тапсырма берді, – деді Мұрат Әбенов.

Депутаттың сөзінше, бұл бағытта ешқандай жұмыс атқарылмаған.

Мәдениет министрлігі бұған қалай қарайды? Көктемде тапсырма берілді. Әлі ештеңе жасалған жоқ. Неге ол тек қана Парламенттің, тек қана Ішкі істер министрлігінің жұмысы емес қой. Менің ойымша, біз заңға қатаң шектеу қоюымыз керек, – деді депутат.

Мұрат Әбенов бұл әрекетке құқықтық баға беруге мемлекеттік органдар құлықсыз екенін айтады.

Мен депутат ретінде ұсыныс бердім. Зерттеп қарадық. Мысалы, адам алып қашу. 125-бап бар. Ол соның ішіне қарайды дейді. Қарамайды ол. Себебі сол баптың ішінде бір қосымшасы бар. Егер ол үш-төрт күн ішінде келсе, ол жауапкершілікке тартылмайды дейді. Сонда қалай? Ол қыз көнбейді, көндіреді, қағаз жаздыртады, ұялтады, басқа қылады, мәжбүрлейді. Үш-төрт күн ұстайды. Әбден абыройы төгіледі. Ол қызды сосын жібере салады. Оған ешқандай қылмыстық іс қозғалмайды. 3 жылдың ішінде 214 қылмыстық іс қозғауға ұсыныс берген. Оны 10-ы ғана сотқа барған. Қалғанын ешқандай қылмыс жоқ деп жаба салған. Ал полицияға бармаған қыздарымыз қаншама? Менің бірінші берген ұсынысымды жоққа шығарды. Барлық мемлекеттік органдар қарсы шықты. Жоқ, болмайды деп. Мен қазір тағы ұсыныс беріп отырмын, – деді депутат.

Серіктес жаңалықтары