сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
istockphoto.com
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

4 желтоқсанда еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, Астана, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Атырау, Павлодар, Теміртау, Қарағанды қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу: